21 Маус 2024
Страницы «Общеобразовательная средняя школа №61 имени Абая» отдела развития человеческого потенциала Келесского района управления развития человеческого потенциала Туркестанской области

Мектеп тарихы

№61 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі КММ

1935-1940 жылдары бастауыш мектеп болып ,білім беру ғұмырын бастаған.1975 жылы Ташкент облысы ,Шыназ ауданына ,1994 жылдан Сарыағаш ауданына қайтарылған. Бұл білім ұясы 1940-1955 жылдары Қызыл құм атындағы мектеп, 1962-1966 жылдары №36 Абай атындағы 8- жылдық мектеп,1966-1990 жылдары 10 -жылдық мектеп, 1990-1994 жылдары орта мектеп,ал 1999 жылы №131 Абай атындағы орта мектебі болып қайта құрылды.

Мектепті әр жылдары Шункеев Шухратулла, Байдаров Хайрулла, Есенбеков Аштар, Исматуллаев, Махмудов Иманқұл, Есембеков Құдайберген, Рысқұлов Сәрсенбек , Есенбеков Намаз, Тажмамиров Болыс, Ашимбаев Жұмахан, Бердіқұлов Мамыр, Алтеев Динмухамет, Алтеев Рахманәлі басқарса , ал 2004 жылдан бастап Алтеев Динмухамет басқарып келді.2019-2020 оқу жылынан №61 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі КММ болып ауысты.2023-2024 оқу жылынан бастап Жумаханов Асқар Жумаханович мектеп директоры м.а. болып бекітілді.

Қазіргі таңда мектепте 354 оқушы білім алады. Оларға 53 мұғалім дәріс береді. Оның екеуі -шебер-педагог, тоғызы -зерттеуші педагог, он тоғызы- сарапшы педагог, сегізі - педагог модератор. Жоғары білімді педагог-52, арнаулы орта білімді-1.

2021-2023 жылдар ішінде мектепті 2 оқушы алтын, 10 оқушы «Үздік аттестатпен » бітірді.

Турабеков Дүйсенбек, Нурғазиев Қалдыбай, Айнамкулова Салтанат, Қашқынбекова Құралай, Абдиханова Куміскул, Пилалова Гулмира, Ширинбаева Ирискул т.б. мұғалімдер жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде шығармашылықпен жемісті еңбек етіп жүрген мектептің үлгілі ұстаздары.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар